Мақалаларды жіберуге арналған нұсқаулық
МАҚАЛАНЫ ЖІБЕРУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті «Medieval History of Central Eurasia» электронды журналының авторлары!
Ғылыми мақаланы «Medieval History of Central Eurasia» Халықаралық электронды ғылыми басылымында жариялауға ұсыну ТЕК онлайн режимінде жүзеге асырылады.
Қолжазба журнал сайтының интерфейсі арқылы пайдаланушылар профиліне жүктеу арқылы жіберіледі. Ол үшін https://mhce.aiu.kz веб-сайтындағы «Тіркеу» бөліміне өтіп, профильдегі бос жолдарға сұралған мәліметтерді енгізіп, парақшадағы келісім беру туралы ақпараттарға белгі қою қажет және соңында «Тіркеу» тетігін басыңыз (Мақаланы жіберу нұсқаулығын қараңыз).
Сәтті тіркелгеннен кейін сайтта пайдаланушының жеке парақшасы немесе пайдаланушының профилі (пайдаланушы атымен) ашылады.

Келесі қадам: «Материалдарды жіберу» бөліміне өтіңіз, 1 Бастама бетінде материал тілін және қолжазба мазмұнына сәйкес бөлімді таңдап белгілеңіз. Ары қарай, материалды жіберуді жалғастырмас бұрын төменде көрсетілген барлық талаптарды орындағаныңызды оқып, растауыңыз керек, сондай-ақ келесі жолдағы құпиялылық туралы мәлімдемеге сәйкес автордың материалдары бойынша деректерді жинауға және сақтауға келісім беретіндігіңіз туралы белгілейсіңіз. Нұсқаулықтың барлық жолдарын толтырғаннан кейін "Сақтау және жалғастыру" батырмасын басу қажет.




Келесі қадам: 2 Материалды жүктеу бөлімі ашылғаннан кейін, файлды жүктеу тетігін басу жолымен құрылғыңызда (компьютерде) Word нұсқада сақталған қолжазбаны енгізіп, келесі жолда көрінетін тақырып батырмасын шертіп, парақша соңындағы «Сақтау және жалғастыру» батырмасын басу қажет.

Келесі қадам: 3 Метадеректерді енгізу бөлімі ашылады. Осы беттегі тақырып (материал тілі негізінде), аннотация (3 тілде: қазақ, орыс, ағылшын) жолдары толтырылады. Бұдан кейін міндетті түрде осы беттің оң немесе сол жағындағы бос кеңістікті бір рет шертіп қалсаңыз, мәліметтерді енгізу кезеңі жалғасады. Мұнда, түйін сөздер 3 тілде теріледі.
ЕСКЕРТУ! Егер мақалада 2 немесе 3 автор тіркелген болса, «соавторларды енгізу» тетігін шертіп, ашылған парақтағы жолдарға авторлар туралы мәліметтер (3 тілде) толық енгізіледі. Соңында, «Сақтау» тетігін басқан кезде, 3 Метадеректерді енгізу бөлімі автоматты түрде қайта көрінеді, барлық жолдардың дұрыс толтырылғандығын қайталап тексеріп, соңында «Сақтау және жалғастыру» батырмасын басу қажет.



Келесі қадам: 4 Растау біліміне өтесіңіз. Материалды жүктеу үдерісінің соңғы кезеңі. «Жүк теуді аяқтау» тетігін басып, растауды шертесіңіз.
Мақала автор(-лар)ы қолжазбаны журнал сайттына жүктегеннен кейін, редакцияның электрондық поштасына journals@aiu.edu.kz бір уақытта ілеспе хат жолдайды. Хатта мақаланы журналға орналастыруға және соған байланысты рәсімдерге келісімін растайды.
Мақала редакцияға түскеннен кейін, ол лицензиялы StrikePlagiarism антиплагиат жүйесінде тексеріледі. (бірегейлігі кемінде 75% болуы тиіс). Содан кейін плагиатқа қарсы тексеру нәтижелерімен бірге мақала рецензенттерге жіберіледі (екі рет соқыр қарау кезеңі). Рецензенттердің оң қорытындысын алған кезде мақала редакциялық талқылауға түседі. Талқылау нәтижелері бойынша мақұлданған мақалалар жарияланады, ал мақала жарияланымға қабылданбаған жағдайда редакция авторға оның аргументті түсініктемесі жіберіледі.