Журналдың редакциялық саясаты
«MEDIEVAL HISTORY OF CENTRAL EURASIA» журналы мазмұнына тікелей ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді және мына қағидаға сүйенеді: зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік білім алмасудың жаһандық өсуіне ықпал етеді. Бұл мақалаларды оқу, жүктеп алу, көшіру, тарату, басып шығару және толық мәтінге авторлықты көрсете отырып сілтеме жасау мүмкіндігі бар екенін білдіреді, ешқандай шектеусіз.
Ашық қолжетімді жариялау біздің авторларға келесі артықшылықтарды береді:
— жоғары дәйексөз алу мүмкіндігі;
— ғылыми еңбектердің мұқият рецензиялануы;
— аз шығынмен жылдам жарияланым;
— кепілдендірілген мақсатты, мультидисциплинарлы аудитория.
Лицензиялау шарттары
Бұл журналда жарияланған мақалалар Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License лицензиясы аясында қолжетімді, ол тек коммерциялық емес пайдалануды қарастырады. Осы лицензия бойынша пайдаланушыларға авторлық құқықпен қорғалған материалды көшіруге және таратуға рұқсат етіледі, бірақ оны өзгертуге немесе коммерциялық мақсатта пайдалануға құқығы жоқ. Лицензиялау туралы толық ақпарат мына мекенжайда қолжетімді https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/4.0/.
Пайдаланушы құқықтары
Пайдаланушыларға мақаланы тегін пайдалануға рұқсат етіледі, егер авторы мен дереккөзі көрсетілсе, бірақ тек коммерциялық емес мақсатта. Сонымен қатар, пайдаланушыларға шығарманы өзгертуге немесе оның тұтастығын бұзуға тыйым салынады. Коммерциялық пайдалану үшін құқық иесінен бөлек рұқсат беретін лицензия алу қажет.
Автор құқықтары
Авторлар өздерінің авторлық құқықтарын сақтай отырып, журналға алғашқы жариялау құқығын береді. Бұл ретте жұмыс Creative Commons Attribution (CC BY-NC-ND 4.0) лицензиясы бойынша бір уақытта лицензияланады. Ол басқа адамдарға жұмысты оқу, жүктеу, көшіру және авторлығы мен осы журналдағы бастапқы жарияланымын көрсете отырып тегін таратуға мүмкіндік береді.
Авторлар жарияланған нұсқаны өзге мақсатта таратуды (мысалы, институционалды репозиторийге орналастыру, кітапта жариялау) көздейтін бөлек келісімшарттар жасауға құқылы, бірақ ол жұмыстың осы журналда шыққан түпнұсқасына сілтеме жасау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сондай-ақ, авторлар өз еңбектерін интернетке (мысалы, институционалды репозиторийге немесе жеке сайтқа) журналдағы рецензиялау процесіне дейін және рецензиялау кезінде орналастыруға құқылы, себебі бұл өнімді талқылауға және еңбектің жиі дәйексөз алуына ықпал етеді.
Архивтеу
Журнал 2020 жылдан бастап электронды форматта шығарылады. Журналдың барлық электрондық нөмірлері сайттағы «Архив» бөлімінде сақталады.