Ортағасырлық және жаңа заман карталарындағы Арал теңізі

Авторлар

  • Е.К. Рахимов Астана халықаралық университеті image/svg+xml , Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.62687/MHCE.8.1.2025.5

Кілт сөздер:

Арал теңізі, тарихи география, тарихи картография, ескі карталар, сызба, тарихнама және деректану, орта ғасырлар, жаңа заман.

Аңдатпа

Зерттеу тарихи география мен картографияның, сондай-ақ тарихнама мен деректанудың тоғысында жүргізілді. Сондықтан қолданылған негізгі әдіс пәнаралық болды. Тақырыптың өзектілігі даусыз, себебі картографиялық дереккөздер, тарихи және археологиялық дереккөздермен қатар, Орталық Азиядағы ірі су айдыны ретінде Арал теңіз-көлінің қалыптасуын түсінуге мүмкіндік береді. Арал теңізінің қазіргі регрессиясының себептерін зерттеу қажеттілігін ескерсек бұл міндет өте маңызды. Мақаланың мақсаты ортағасырлар мен жаңа заманда еуропалық және ресейлік авторлар жасаған ескі карталарда Арал теңізін тарихи-географиялық ерекше нысан ретінде көрсету болып табылады. Зерделенген картографиялық материалдар Орталық Азияның осы үлкен ішкі су айдынының біртіндеп «сызбасының» динамикасын зерттеуге көмектеседі. Алғашқы карталарда Каспий теңізіне құятын Әмудария мен Сырдария өзендері бейнеленген болса, Арал теңізінің бейнесі біртіндеп пайда болады, алдымен тек шығыс жағалауы, содан кейін толық пішіні көрсетіледі. Орталық Азия аймағын бейнелейтін ескі карталарды мұқият зерттеу бізге Арал теңізінің географиялық шекараларының, жағалауларының және шығанақтарының пайда болуы мен дамуының эволюциясын бақылауға мүмкіндік береді. Зерттеудің ортағасырлық және қазіргі заманғы карталарды талдауға негізделген нәтижелері Арал теңізі су деңгейінің тарих бойындағы ауытқушылық сипатын көрсетеді. Сондықтан, қазіргі регрессия бірінші де, соңғы да емес және Арал теңізі-көлі болашақта қайтадан суға толуы мүмкін деп болжауға болады.

Автор өмірбаяны

  • Е.К. Рахимов, Астана халықаралық университеті, Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

    Астана халықаралық университетінің доценті, PhD,  e-mail: yernur.rakhimov@gmail.com, https://orcid.org/0000-0003-2829-9289

Әдебиеттер тізімі

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи