Орта ғасырдағы қазақстан территориясындағы қала мәдениеті: Отырар, Құлан, Сығанақ қалалары

Авторлар

  • А.Б. Серикбай Астана халықаралық университеті image/svg+xml , Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.62687/MHCE.8.1.2025.2

Кілт сөздер:

Отырар, Құлан, Сығанақ, қала мәдениеті, археология, Түрік дәуірі, Жібек жолы

Аңдатпа

Аңдатпа. Бұл мақалада орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында орналасқан ірі қалалық орталықтар – Отырар, Құлан және Сығанақ қалаларының қалыптасуы мен мәдени дамуы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – аталған қалалардың құрылыс жүйесін, қорғаныс құрылымдарын, суармалы тораптарын, сауда және рухани өмірін салыстыра отырып, ортағасырлық қала мәдениетінің ерекшеліктерін анықтау. Міндеттері: археологиялық деректерді талдау, жазба деректермен салыстыру, қалалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету болды. Нәтижесінде Отырардың – ғылым мен қолөнер орталығы, Құланның – әскери-аграрлық бекініс, ал Сығанақтың – саяси және рухани астана болғаны дәлелденді. Зерттеу ортағасырлық Қазақстанда қала мәдениеті көшпелі өркениетпен өзара байланыста дамығанын көрсетті.

Кілт сөздер: Отырар, Құлан, Сығанақ, қала мәдениеті, археология, Түрік дәуірі, Жібек жолы.

 

Автор өмірбаяны

  • А.Б. Серикбай, Астана халықаралық университеті, Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

    өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің магистранты,  Астана халықаралық университеті, Астана қ., Қазақстан, е-mail: aidanaserikbay 03@mail.ru, https://orcid.org/0009-0004-5974-1732 

Әдебиеттер тізімі

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи